Олимпиада-2026: Бүгін 6 спортшымыз үш спорт түрінен жарыс жолына шығады

16 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

16 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күні басталды.

Бүгін 6 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — тау шаңғысы, слалом (ерлер)
Қатысушы: Ростислав Хохлов

15:00 — шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер)
Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова

23:00 — шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев