«Жұлдыз үлкендерден бата алды»: Гүлзира Айдарбекова үлкен келінінің жаңа баспанасына алғаш рет барды (ВИДЕО)

15 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Қайрат Нұртастың отбасына арнайы барып, келіні Жұлдыздың жаңа шаңырағына ақ тілегін арнағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Продюсердің сөзінше, бұл басқосу қоныс тойының бастамасы болған.

«Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағына қоныс тойының бастамасы болсын деп, келініміз әулеттегі үлкендерден бата алып, мәре-сәре болып қайттық. Әппақ шаңырақтары берекеге толы, көңілдері әрқашан аппақ қардай тап-таза болып, үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Алла ұрпағымызбен қуанышқа бөлеп, құдаларымыз мың жылдық құда болуларын қабыл етіп, ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары танымал продюсердің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, отбасыға бақ-береке тіледі.