Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жүлде сарапқа салынды. Қазақстан атынан Кристина Силаева ТОП-20-ға кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
500 метр мен 1000 метрдегі сайыста да Фемке Кок, Ютта Лердам, Михо Такаги жүлдегер атанды.
1.Фемке Кок (Нидерланд) - 36.49 секунд
2.Ютта Лердам (Нидерланд) - 37.15 секунд
3.Михо Такаги (Жапония) - 37.27 секунд
18-орын. Кристина Силаева - 38.33 секунд
29-орын. Арина Ильященко - 39.38 секунд
Айта кетейік, Кристина Силаева 2025 жылғы әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта 4-орынға тұрақтаған.
Енді конькимен жүгіруден кезекті сайыс 17 ақпанға жоспарланған. Әйелдер арасындағы командалық сайыстың Д финалында Қазақстан құрамасы Қытаймен сынға түседі.