Әлем кубогі: Қазақстан әртістік жүзуден екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:18 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

— Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.