Қызды аңдыған жігіт жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді

14 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қызылорда қаласында қызды аңдыған жігіт жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушіні әлеуметтік желілер арқылы мазалаған. Ұялы телефонымен және WhatsApp-пен қайта-қайта хат жазып, өз сезімін білдірген.

"Жәбірленуші оның абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастаса да, тұрғылықты мекенжайына да, жұмыс орнына да көлігімен қайта-қайта барып, шығуын талап еткен. Осылайша, сотталушы 2022 жылдан бері жәбірленушіні жүйелі түрде аңдып, сталкинг жасаған",-деліген сот үкімінде.

Соның салдарынан жәбірленуші қала аумағында емін-еркін жүре алмай, басқа мекенжайға көшуге мәжбүр болған.

Сот үкімімен ер адам 25 тәулікке қамаққа алынды. Оған қоса, жәбірленушінің пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді.