Анна Данилина Доха қаласында өткен WTA 1000 турнирінде жеңіске жетті

14 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҚТФ

Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті.

Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувеймен кездесті.

Шешуші кездесу Анна мен Александраның жеңісімен аяқталды - 0:6, 7:6, 10:8.