Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Астанада өтіп жақан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Конституцияның ғылым мен білімге басымдық беретін нормалардың маңызына тоқталып өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа Конституция жобасындағы кіріспеде алғаш рет білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілген. Депутат Жаңа Конституцияда аталған саланы қаржыландыру саясаты нақты әрі айқын көрсетілгеніне баса тоқталды.
– Бірінші кезекте қазіргі Конституцияда барлық міндеттемелер сақталды. Тегін, ақысыз қызмет алу секілді мәселелер сақталған. Бірақ бұған қоса Преамбулада ең бірінші рет білім мен ғылым, инновация туралы айтылып тұр. Екіншіден, басты қағидат ретінде тағы да білім мен ғылым, инновация тұр және мұны ары қарай тарқататын нормалар да бар. Бұл нені көрсетеді? Бұл мемлекеттің білім мен ғылымның негізінде ары қарай дамитнынын көрсетеді, – дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, жаңа Конституцияда білім мен ғылым саласын қаржыландыру саясаты айқындала түскен.
– Мысалы, Қаржы министрлігі, басқа да уәкілетті органдар ғылым саласына, білім саласына бөлінетін қаржыны қысқартайық деп, мұғалімдердің немесе ғалымдардың жалақысын азайтайық, бұл салаға ақша бермейік деп енді айта алмайды. Өйткені ол тек заңға немесе әлдебір бағдарламаларға қарсы шығу емес, бұл Конституцияға қарсы шыққан болып саналады. Өйткені бұл Конституцияның бірнеше нормасында мемлекеттің басымдығыы ретінде бекітіліп отыр. Сондықтан бұл қарапайым азаматтардың баласын балабақшаға беретін, мектепте оқытатын, жоғары білім алсын дейтін, ғылыммен айналысатын азаматтар үшін бұл үлкен кепілдік, – деді Асхат Аймағамбетов.