Олимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Бүгін, 12:19 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

14 ақпанда қазақстандық спортшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың жеті түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандық спортшыларымыздың барлық жарысын сағат 16.00-ден бастап Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Жарыс кестесі (Қазақстан уақытымен):

14.00 — тау шаңғысынан алып слалом. Іріктеу. Ростислав Хохлов.

14.30 — жұптық могул, әйелдер. Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова.

16.00 — әйелдер арасындағы шаңғы эстафетасы. Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко.

18.45 — биатлон, 7,5 шақырымдық спринт. Милана Генева және Айша Ракишева.

20.00 — конькимен жүгіру, әйелдер арасындағы командалық жарыс. Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева және Елизавета Голубева.

21.00 — конькимен жүгіру, ерлер арасында 500 метр. Евгений Кошкин.

22.45 — трамплиннен шаңғымен секіру, ерлер. Данил Васильев және Илья Мизерных.

01.00 (15 ақпан) — шорт-трек, 1000 метр. Ольга Тихонова.

Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан жеңісінен кейін Қазақстан Олимпиаданың медаль кестесінде бір алтын жүлдемен 15-орынға көтерілді.