Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды

Бүгін, 11:58 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

14 ақпан сағат 10:30–да ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Алматы облысы:

— «Астана-Қарағанды-Алматы» 955-1121шақырым аралығы (Жамбыл облысы шекарасынан — Кұрты ауылына дейін)

Жамбыл облысы:  

— «Астана-Қарағанды-Алматы» 893-955 шақырым аралығы (Бурылбайтал ауылынан — Алматы облысының шекарасына дейін).

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 15 ақпан сағат 07:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.