«Денсаулық пойызы» жолға шықты
«Денсаулық пойызы» жолға шықты
Маңғыстау облысының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындарына, теміржолшыларына және олардың отбасы мүшелеріне енді диагностикалық тексерілу және медициналық көмек үшін Қазақстанның ірі қалаларына баруға уақыт және қаржы шығарудың қажеті жоқ.
2017 жылдың 18 ақпанынан Маңғыстау және Атырау облыстарының алыстағы стансаларына «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойызы жол тартты. «Денсаулық» Маңғыстау облысының 15 шақты стансасына Атырау облысының 12 стансасына қызмет көрсетуді жоспарлап отыр, «Денсаулық пойызы» алғашқы жұмысын 20 сәуірден Маңғыстау облысының Тұрыш стансасынан бастамақ. Медициналық пойыздың вагондарында дәрігерлердің кабинеттері, диагностикалық корпус, тіркеу бөлімі, тамақтану және демалу блоктары бар толыққанды «дөңгелекті емхана» орналасқан. Стоматолог, дерматолог, уролог, маммолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт, отоларинголог, педиатр, окулист сияқты мамандарға кезекке тұрғандар көп. Пойызда УДЗ-диагностикалау, таңу, процедуралық кабинеттер және шағын хирургиялық операциялар жасайтын операциялық блок қарастырылған. Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Сандық флюорографиялық аппарат рентген түсірілімді пациенттің жылдам алуын қамтамасыз етеді, тапсырылған талдаманың нәтижесі де көп күттірмейді.
Медициналық пойыздың әр пациенті қажетті алғашқы медициналық көмек, білікті кеңес және ары қарай емделу үшін таяу орналасқан медициналық орталықтарға жолдама алады. Шалғайдағы елді мекен тұрғындарының денсаулығына деген қамқорлақ үшін олар өздерінің шексіз алғыстарын білдіруде. Медициналық пойыздар Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай-Өтес стансалары мен №10 бекетке аялдайды.