32 жыл күткен алтын: Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Бүгін, 02:40 / Дана Ізтілеуова
Olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан және Кортина-д'Ампеццо Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.

Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындады.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай

3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай

Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

Араға 32 жыл салып, Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдені Қазақстан қоржынына салды.

Тэгтер:

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров