Балғынбек Имашевтің Жандарбек Бұлғақов және Сырым Әуезхан тобымен онлайн-текетіресі тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Құрметті жыр сүйер, өнер сүйер көрермен! Неше уақытқа созылған “Жансырыммен” арадағы кикілжіңнің аяғы тәтті тәмамдалды. Жөн біліп кішірейген, сөйте тұра өз биігінен төмендемей, сөз-батлдың соңын үлкен жобаға ұластырып халықтың айызын қандырып, елдің ыстық ықыласы мен биік бағасын алған Жандарбек пен Сырымға алғыстан басқа айтарым көп… Бізді қолдаған, көрермен болған халқымызға зор ілтипатымызды, разылығымызды айтамыз. Сондай-ақ, “жаман шалын” қолдап, қорғап Стамбұлдан келген Айнұр досыма респект! Сен менің “бойымда”, мен сенің тойыңда қызмет етейін!", - деп жазды Балғынбек Имашев әлеуметтік желіде.
Осылайша, олардың бұл айқасы алдын ала жоспарланғаны белгілі болды.