ІІМ Басқару академиясында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 19:15 / Дана Ізтілеуова

13 ақпанда Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында қатысушылар ведомство жұмысының негізгі бағыттарын, тергеу бөлімшелерінің қызметін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдарын қарау тәжірибесін талқылады.

Сонымен қатар, экскурсия ұйымдастырылып, «Regula» аппараттық кешені, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) басқаруды үйрету зертханасы және олардың қосалқы бөлшектерін дайындау үдерісі таныстырылды.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері – азаматтық қоғам өкілдері және ІІМ басшылығы қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Ішкі істер органдары Тергеу департаментінің бастығы Аисов С.С. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде тергеу бөлімшелерінің қызметі туралы: жағдайы, проблемалық мәселелер және қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады.

Құжат айналымы және азаматтардың өтініштерін бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамкенов Ж.Т. ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдарын қарау тәжірибесі туралы: жағдайы, проблемалық мәселелер және қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қоғамдық кеңес төрағасы Бақтияр Мәкен 2025 жылға арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс қорытындысын шығарды.

Министрдің орынбасары Сайтбеков А.М. ведомствоның ашықтығының маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру жоспарлары туралы айтты.