Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы кентіндегі науқастар тұратын жекеменшік пансионат төңірегінде дау туындады. Туыстары ондағы науқастарды күтіп-бағу үшін ай сайын кемінде 100 мың теңге төлейді. Алайда мекеменің әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ екені белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты nayza_kokshe-ге сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пансионатта тек қана күтім қызметі көрсетіледі, арнайы әлеуметтік немесе медициналық қызмет ұсынуға құқығы жоқ. Онда тұрып жатқан азаматтардың басым бөлігі – Астана қаласының тұрғындары.
12 ақпанда аталған мекемеде ауыр оқиға болды: 1979 жылы туған ер адамды тоқ соғып, күйік жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұл жағдайға Ақмола облысы Полиция департаментінде түсініктеме берді:
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - делінген ақпаратта.