Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі

Бүгін, 07:46 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

13 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні басталды.

Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

15:45 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

18:00 — биатлон, спринт (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

23:00 — мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров