Жұма күні, 13 ақпанда Астанада бірінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы елорда білім басқармасы жазды.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) 2026 жылғы 13 ақпанда бірінші ауысымдағы 0–6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», — делінген хабарламада.
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, Астанада 13 ақпанда ауа райы құбылмалы бұлтты болады, кей уақытта қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.