«Барыс» өз алаңында ресейлік командадан ойсырай ұтылды

Бүгін, 22:29 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөз

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) өз алаңындағы матчында санкт-петербургтік СКА командасымен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық клуб лиганың Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, ресейлік команда сегізінші орында болған.

Бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал екінші кезеңде қонақтар Адам Шилдің қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Қорытынды жиырма минуттықта СКА сенімді жеңіске жетті. Есеп — 5:0.

14 ақпанда «Барыс» Астанада тольяттилік «Ладаны» қабылдайды

Тэгтер:

Астана ҚХЛ