Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Негізгі финалға жолдама алу үшін қазақстандық Павел Колмаков бақ сынады. Ол үшін отандасымыз үздік сегіздікке енуі қажет еді.
Колмаков өз мүмкіндігінде төрешілердің шешімімен 75,70 ұпай жинап, 16-орынға жайғасты. Нәтижесінде ол ақтық сынға өте алмады.
Айта кетейік, отандасымыз параллельді могул сайысына да қатысады. Аталған жарыс 15 ақпанда өтеді.