Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұығырының бірінші сатысына көтерілді.
Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.