Маңғыстау облысында апиын жеткізу арнасы жойылды

Бүгін, 10:41 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.