Таиландтың оңтүстігіндегі мектептердің бірінде белгісіз адам атыс қаруынан оқ атып, бірнеше адамды жарақаттаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Khaosod газеті хабарлаған.
Басылым деректеріне сәйкес, оқиға Сонгкхла провинциясындағы Хатъяй қаласында болған. Атыс салдарынан жараланғандар бар, алайда зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті сабақ аяқталуға аз уақыт қалғанда мектеп аумағына кіріп, 300-ден астам оқушы мен мұғалімді кепілге алған. Оқ атқан адамның жасы 18-де екені айтылды.
Полиция мектепті қоршауға алып, тұрғындарға сол жерге апаратын жолдармен жүріп-тұрудан уақытша бас тартуды ұсынды.