Мемлекет басшысы азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Бүгін, 19:12 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.