Кофе мен шай алжудың алдын алуы мүмкін

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Кофе мен кофеині бар шай ішу ересектердегі деменция қаупін азайтып, когнитивтік көрсеткіштерді жақсартады. Бұл туралы ірі зерттеу нәтижесі JAMA журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуге 132 мыңға жуық адам қатысқан, олардың жағдайын 40 жыл бойы бақылаған. Бастапқыда қатысушыларда деменция, Паркинсон ауруы немесе қатерлі ісік болмаған. Қатысушылар тамақтану әдеттері туралы анкеталарды толтырған. Уақыт өте келе 11 мыңнан астам адамда деменция анықталып, әртүрлі тағамдық және сусындық әдеттердің ұзақ мерзімді әсері салыстырылған.

Нәтижесінде 2-3 кесе кофе немесе 1-2 кесе кофеинді шай ішу деменция қаупін айтарлықтай төмендеткен: кофе іштетіндердің қаупі шамамен 18%, шай іштетіндердің қаупі 14% төмен болған. Ал кофеинсіз сусындар мұндай әсер бермеген.

Зерттеушілер бұл байланыс себеп-салдарлық емес екенін атап өткен. Яғни кофе мен шайдың өзі тікелей миға қорғау жасайды деп айту қиын, бірақ олар когнитивтік қартаюға жағымды әсермен қатар жүреді.

Пайдалы әсер кофеиннен ғана емес, кофе мен шай құрамындағы қабынуға қарсы заттар, глюкоза алмасуы, қан тамырларының жағдайы мен антиоксиданттық белсенділікті реттейтін мыңдаған биологиялық компоненттен туындайды.

Дегенмен мамандар кофеин мөлшерін көбейтпеуге кеңес береді, себебі шамадан тыс тұтыну ұйқысыздық, алаңдаушылық және жүрек соғысының бұзылуына әкелуі мүмкін. 

Тэгтер:

шай кофе алжу