Халық әртісі Мақпал Жүнісованың жастармен бірге билеген видеосы желі қолданушыларын тінті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көпшілік өнер иесінің бұл қылығына сүйсініп, жазба қалдырды.
«Бұл кісіні жақсы көрмейтін қазақ жоқ шығар», «Мақпалға жететін әнші жоқ қой», «Жүрген ортасын той-думан етіп жібереді ғой», «Биінің өзі жастарды артта қалдырады, шіркін. Жүз жасаңыз, Мақпал апай», «Мақпалдың жүрген жері той ғой. Ол өлең айтқанда билемей отыру мүмкін емес», – деп жазуда.