Ақтөбе облысында аса ірі көлемде қауіпті азот тотығын тәркіленді

Бүгін, 09:39 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ақтөбе облысында жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында қойма аумағынан екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығы (оксиді) тәркіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған заттар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген.

Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының (көпшілікке «көніл көтеретін газы» ретінде белгілі) заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді», - делінген ақпаратта.

Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.