11 ақпанда Астанада ауа райы нашарлайды. Сол себепті кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды turkystan.kz Қалалық мониторинг орталығына сілтеме жасап.
"2026 жылғы 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады"- делінген хабарламада.
Айта кету керек, Астанада мектеп оқушылары жақында бұған дейін де қашықтан оқуға жіберілген болатын.
Сондай-ақ кеше 10 ақпанда елордадан Павлодарға дейін баратын республикалық тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін жабық болатыны хабарланған болатын.