"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11, 12 және 13 ақпан күндеріне Астана мен Алматы қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа райы қандай болады?
11 ақпан – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ. Боран соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15°С, күндіз біртіндеп төмендейді.
12 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°С, күндіз -17…-19°С.
13 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°С, күндіз -13…-15°С.
Ал Алматыда күн райы қалай болжанып отыр?
11 ақпан – құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке әлсіз тұман. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С.
12-13 ақпан – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.