«Оқжетпес» командасы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Prosports.kz порталы жазды. Көкшетау командасының қарсыласы Өзбекстан Премьер-лигасында бақ сынап жүрген «Бухара» болды.
Бас бапкер Ринат Алюетов алғашқы минуттан келесі құрамды алаңға шығарды: Голубничий, Муканов, Совпел, Барадзин, Лотоцкий, Васильев, Воменко, Нұрымбет, Бөрібаев, Мұхмаметханов және Өміртаев. Матч қазақстандық команданың пайдасына 2-1 есебімен аяқталды.