«Істеген ісін мойындасын»: Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы ұлына видео-өтініш жасады

10 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Тележурналист Руслан Өтепбай Атырауда жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан пікір алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналист әлеуметтік желіде жаңа қызметке орналасқаны жайында айта отырып, мұндағы алғашқы бағдарламасы Атыраудағы оқиғаға арналғанын мәлімдеді. Ол жариялаған видеода күдіктінің анасы сөз сөйлеген.

«Жасағанын мойнына алсын. Қолымен істеді ме? Онда соны мойнына алсыншы деп өтінемін», – деді жылаған күйде сөйлеген Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы.
 

Тэгтер:

күдікті Атырау Отбасы журналист Сұлтан Сәрсемалиев