"Зұлымдығын мойнымен көтергіземін": Нұрай Серікбайдың ағасы желіде жазба жариялады

10 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің ағасы Сұлтан Серікбай желіде әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ешқашан өзімнің туған қарындасымның "Қырқын" жасаймын деп ойламаппын. Шуағын енді шашайын деп тұрған уақытында, өмірінің жібі үзілді дегенге сенгім келмейді. Өмірдің бұлай өзгеруі отбасымыз үшін ауыр жағдай. Бірақ бұл істі біз аяғына дейін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Құдай ондай адамдарды о дүниеде қинайтын болса, ал біз осы дүниеде істеген зұлымдығын мойнымен көтергіземіз. Талап: Өмірбақи бас бостандығынан айыру және Ашық сот», – деп жазды С. Серікбай.

Тэгтер:

аға Нұрай Серікбай Қырқы