Филиппинде паром апатынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті

Бүгін, 20:52 / Өтей Торғайұлы

Филиппиннің оңтүстігінде Trisha Kerstin 3 жолаушылар паромы апатынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елдің жағалау күзетіне сілтеме жасап ABS-CBN News телеарнасы мәлімдеді.

Берілген мәліметке сәйкес, іздестіру жұмыстары қайта жанданғаннан кейін сүңгуірлер суға батқан кеменің бортынан екі баланың және үш ересек адамның мәйітін тапқан.

Замбоанга қаласынан Джоло қаласына бағыт алған жолаушылар паромы 25 қаңтар күні кешке Басилан провинциясындағы Балук аралы маңында суға батқан. Апат салдарынан 316 жолаушы құтқарылды.

Тэгтер:

Филиппин паром