Жаңалықтар

Ресейде теракт жасамақ болған Орта Азия тумаларының көзі жойылды

ашық дереккөзі

Ресейде теракт жасамақ болған Орта Азия тумаларының көзі жойылды

Ресейдің Владимир облысында халықаралық лаңкестік ұйымдарға адам тартушылармен байланысы бар Орта Азияның екі тумасының көзі жойылды, - делінген РФ-ның Федералды қауіпсіздік қызметінің хабарламасында. Хабарламада 1991 және 1987 жылы туған Ортазаиялық аймақтың екі тумасы қарулы қарсылық білдіргені айтылады. Олар жарылғыш заттарды даярлауға қызығып, Ресей аумағында лаңкестік жасауға дайын екендерін білдеріген. Оқиға орнында жарылғыш зат жасауға керекті құрамлдар, АК-74 және Макаров тапаншасы табылған. Күш құрылымы өкілдерінен ешкім зардап шекпеген. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарындағы "Газеты.Ru" басылымының мәлімет көзі екеуі де Тәжікстан азаматтары болғанын нақтылаған. Сонымен қатар, олардың Санкт-Петербург метросында жарылыс жасаған лаңкеске қатысы жоқ екені анықталды. Дегенмен бұл лаңкестердің ізіне түсу метродағы жарылыс фигуранттарының таныстарын тексеру кезінде мүмкін болған.