Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Финалдық кезеңге өту үшін Павелге үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады.
Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.