Қытайда микродрамалар еңбек нарығын құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
2025 жылы небәрі 1-3 минуттық сериялардан тұратын қысқа сериалдар елде 690 мың жаңа жұмыс орнын ашуға себеп болған. Жұмысқа орналасқанлардың басым бөлігі университет бітіргенімен, ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған жастар екен.
Бұрын «TikTok-қа арналған жай видеолар» деп қаралған формат қазір толыққанды индустрияға айналды. Бір ғана эпизодты түсіруге орта есеппен 90-ға жуық адам қатысады: сценаристер, режиссерлер, актерлер, операторлар, монтажерлер, локация менеджерлері, маркетологтар.
Микродрамаларға қомақты жарнама келісімдері де тартыла бастады. Ірі брендтер бұл форматты аудиторияға тез жетудің тиімді жолы деп қабылдап отыр.
Сарапшылардың айтуынша, қысқа сериалдар Қытайдағы жастар жұмыссыздығын азайтуда күтпеген, бірақ өте әсерлі құралға айналған.