Ақтөбе – Астрахань автожолының Тамды ауылының маңында 10 көлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты таңдауға, әсіресе күрделі ауа райы жағдайларында мұқият болуға шақырады.