Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 58 млрд доллардан асты – Үкімет

Бүгін, 10:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысы туралы туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тікелей шетелдік инвестициялар 9 ай ішінде $1,5 млрд-қа немесе 10,9%-ға өсіп, $14,9  млрд-ты құрады. Бұл ретте портфельдік инвестициялар мен несиелік қаражаттарды есепке алғанда, экономикаға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі $58 млрд-тан асты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға артып, 22,7 трлн теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар 800 млрд теңгеге (5 трлн теңгеге дейін), ал жекеменшік инвестициялар 2,4 трлн теңгеге (17,7 трлн теңгеге дейін) ұлғайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Инвестициялық штабтың рөліне ерекше назар аударылып отыр. 2025 жылы жалпы құны $115 млрд болатын 212 жоба бойынша проблемалық мәселелер реттелді.

Премьер-министр Президент қойған міндеттерге сәйкес инвесторларды тарту жүйесі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Жобалар бастапқы кезеңнен құрылысы аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидасы бойынша сүйемелденеді: 

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып жатқан Алатау Сити қаласы инвестиция тартудың жаңа орталығына айналмақ. Конституциялық заң жобасында ерекше құқықтық режимді және заманауи басқару мен қала құрылысы нормаларын енгізуді көздейтін ережелер қамтылды.