Павлодар облысында құны 2,6 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 08:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақсу қаласында жайылымдық жерлер халыққа қайтарылды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Ақсу қаласы прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері.

"Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып, нәтижесінде жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетіді, дейді прокуратурада.