Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 06:25 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК 10 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауып, облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі, батысы және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында 10 ақпанда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады. Таңертең және күндіз облыстың батысы, орталығы мен таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстік және батыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Шымкент пен Түркістан қалаларында 10 ақпанда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 10 ақпанда қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Астанада 10 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 10 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағанды қаласында 10 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 10 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының түнгі сағаттарында таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), облыстың солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында көктайғақ және тұман болады. Тараз қаласында 10 ақпанда кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде облыстың оңтүстігінде жауын-шашынның қарқындылығы күшейеді. Сонымен қатар, облыстың оңтүстігі, солтүстігі және орталығында тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында тұман мен көктайғақтың пайда болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын қарқынды болады. Батыс және солтүстік аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Петропавл қаласында жауын-шашын, көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын, негізінен қар, көктайғақ, сондай-ақ облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман болады. Жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбе қаласында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-18 м/с.

Абай облысында түнде батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде, күндіз солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Семей қаласында жауын-шашын мен көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік-батыста, күндіз батыс, солтүстік және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Өскемен қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде қар жауып, бұрқасын жүруі ықтимал.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ және бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз жауын-шашын, негізінен қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғып, облыстың солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында екпіні 17-22 м/с болады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман пайда болуы ықтимал. Қонаев қаласында желдің екпіні 17-22 м/с.