«Қайрат» футбол клубы Дастан Сатпаевқа қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Алматылық «Қайраттың» футболшысы Дастан Сатпаев команданың Түркиядағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дастан Сатпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды. Медициналық көрсеткіштерге байланысты “Қайраттың” шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады, содан кейін Алматыда командаға қосылады», – делінген клубтың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін «Қайрат» Түркияның Белек қаласына ұшып барған еді. Команда ол жақта 20 ақпанға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Команданың 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы үй ойыны 20 қаңтарда бельгиялық «Брюггеге» қарсы өтті. Сол кезде де команданың 17 жастағы жас көшбасшысы Сатпаев емделуіне байланысты өтінімге енгізілмеген.

Шабуылшының уақытша жоқтығына қарамастан, бапкерлер штабы мен футболшылар жиынды барынша өнімді өткізуге ниетті. Ал Сатпаев оралғаннан кейін «Қайраттың» шабуыл шебін қайта күшейтуге дайын болады.
 

Тэгтер:

Футбол Қайрат Дастан Сатпаев