Мемлекеттік медициналық сақтандыруға қаржы жете ме?

Мемлекеттік медициналық сақтандыруға қаржы жете ме?

Мемлекеттік медициналық сақтандыруға қаржы жете ме?
ашық дереккөзі
Еліміздегі әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасына Халықаралық қайта құру және даму банкінен қаржы тартылуы мүмкін. Бүгін бұл мәселе Парламент қабырғасында қаралды деп хабарлайды 24.kz. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен өткен жиында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды. Соған сәйкес қаржы ұйымы бөлетін 80 миллион долларға денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру көзделіп отыр. Атап айтқанда, маман даярлау, жаңа қондырғымен қамту және жедел медициналық көмектің сапасын арттыру жоспарда бар. Айта кетейік, қарызды қайтару мерзімі – 15 жыл. Сергей Симонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Министрлік алғашқы медициналық көмек қызметін қалай жетілдіруді жоспарлап отыр? Қаржы бұл салаға бағытталса, нақты қандай жұмыстар қолға алынады? Оған қанша қаражат жұмсалады? Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: - Алғашқы медициналық деңгейді, поликлиникаларды, ауылдық жердегі медициналық ұйымдарды қолдау енгізілген. Оның ішінде мамандарды даярлау, арнайы халықаралық емдеу және ауруларды енгізу. Олардың арасында алып жатқан қарыздың 33 пайызы түрлі медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ретінде жоспарланған. Қарыз доллармен біріледі. Пайызы өте төмен – 2,3 пайыз.