"Балта табылмаған": Атырауда қамауға алынған оқушы мектепке оралды

9 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скрин

Бұл туралы Атырау облысының Білім бөлімі басшысы Марат Әбуов мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мектептегі оқиға ішінара расталды. Бұл баланың қолындағы балтаға ұқсас нәрсені полиция тергеу амалдары кезінде таба алмады. Алайда бұл тергеу амалдары жүрді және де сол аралықта бала уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. 9 ақпан күні оқушы қайтадан сабаққа қосылды. Себебі шұғыл арада сот отырысының алғашқы отырысы өткізіліп, ата-анасы мен қорғаушының сұрауы бойынша баланың кәмелеттік жасқа әлі толмағаны ескеріліп, денсаулық сақтау ұйымдарына және оқуына баруына келісім беріле отырып, үй қамағына жіберілді. Қалған бос уақыттарында бала үйінде болады", - деді Марат Әбуов журналист Жанат Жақсыбайқызына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек ол баланың оқу үлгерімі орташа екенін атап өткен.

Тэгтер:

мектеп Атырау оқушы балта Құлсары