"Киюге болатын өнер": төртбұрышты шалбарлар сәнге айнала бастады

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат

Төртбұрышты шалбарлар сәнге айнала бастады, деп хабарлайды turkystan.kz New York Post-қа сілтеме жасап.

Square Voluminous Jeans атты төртбұрышты шалбарды украиналық дизайнер Ксения Шнайдер жасаға. Бұл джинсының басты ерекшелігі – ішкі каркас. Шалбардың пішінін ұстап тұру үшін ішіне төрт пластик пластина орнатылған. Оларды оңай алып тастауға болады: жуу кезінде пластиналар алынады, кейін қайта салынып, шалбар қайтадан куб тәрізді формаға енеді.

Нью-Йоркте тұратын 33 жастағы сәнқой Ваццана бұл модельді «киілетін өнер» деп атайды. Оның айтуынша, квадрат пішінді джинсы көңілді әрі бірегей образ қалыптастырады. Ол бұл шалбарды $745-қа сатып алған.

Квадрат джинсының трендке айналуы сән индустриясындағы даулы әрі эксцентр бағыттардың жалғасы саналады. Бұған дейін Ким Кардашьян ұсынған микрострингтер, Rick Owens-тің $5 мың тұратын ерекше етіктері және кең талқыланған barrel jeans сәні қоғамда қызу пікір тудырған еді.

Тэгтер:

Шалбар төртбұрыш