Су басқан аймақты тонаушылар ұсталды

Ақтөбеде соңғы уақытта автокөліктерді тонау дерегі жиілеп кетті дейді мамандар. Полиция қызметкерлері автокөліктер мен пәтерлерді тонауға машықтанған қылмыстық топты ұстады.

5 адамнан тұратын топ өткен жылдың қазан айында көліктің терезесін сындырып, 5 млн теңгені жымқырып кеткен. Күдіктілер қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. Одан бөлек, автокөліктен ұрлық жасаған тағы 2 күдікті ұсталды. Олардың бұған дейін жасалған 10 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдіктілер ұрланған көлік жабдықтарын қабылдау бекеттеріне тапсырып отырған. Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Back to top button