Саусағы ұзын ер адамдардың миы көп болады – Ұлыбритания ғалымдары

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ұлыбританиядағы Суонси университетінің ғалымдары жаңа туған сәбилердің саусағының ұзындығы мен миының көлемі арасында байланыс барын анықтады. Зерттеу нәтижелері ана құрсағындағы гормондық орта адам интеллектінің эволюциясында шешуші рөл атқарған деген «эстрогенденген маймыл» гипотезасын растайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адам эволюциясы ми көлемінің ұлғаюымен тығыз байланысты. Жаңа зерттеу бұл үдерістің ұрыққа әсер ететін эстроген деңгейіне тәуелді болғанын көрсетеді. Ғалымдар үшін тосын қарапайым анатомиялық белгі саусақ ұзындығы болды. Зерттеу Early Human Development журналында жарияланды.

Саусақ индексін (2D:4D – сұқ саусақ пен шылдыр шүмектің арақатынасы) зерттеумен көптен бері айналысып жүрген профессор Джон Мэннингтің айтуынша, бұл көрсеткіш жүктіліктің алғашқы триместріндегі гормондық тепе-теңдікті көрсетеді. Егер сұқ саусақ шылдыр шүмектен ұзын болса, бұл эстроген деңгейінің тестостеронға қарағанда жоғары екенін білдіреді.

Зерттеу барысында ғалымдар 225 жаңа туған баланың (100 ұл, 125 қыз) саусақ ұзындығы мен басын өлшеген. Нәтижесінде ұл балаларда пренаталдық эстроген деңгейінің жоғары болуы бас көлемінің, демек ми көлемінің үлкен болуымен тікелей байланысты екені анықталды. Ал қыз балаларда мұндай байланыс байқалмаған.

Ғалымдар эволюция барысында үлкен миға деген қажеттілік ер адамдардың физикалық төзімділігінің белгілі бір дәрежеде төмендеуіне және кейбір аурулардың жиілеуіне әкелуі мүмкін деп есептейді. Соған қарамастан, интеллектінің дамуы бұл әлсіздіктерді өтеп, адамның түр ретінде сақталуына мүмкіндік берген.

Тэгтер:

Ер адам Саусақ ми