Екі дзюдошы Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

Бүгін, 09:25 / Інжу Әлихан
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан Париждегі (Франция) Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті тізе бүктірді.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринамен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Аман Бақытжан (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Тэгтер:

дзюдо Grand Slam турнирі