Мемлекет басшысының төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін, 10:59 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.