Танымал продюсер Дариға Бадықова басқаратын "Badykova Production" компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, 26 наурыздан бастап көпшілік асыға күткен "Таптым-ау сені 3" фильмі көрерменге жол тартады. Жазбаның басты бетінде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың фотосуреттері орналастырылған.
"Көптен күткен жаңалық. "Таптым-ау сені 3" жарыққа шығады! 26 наурыздан бастап кинотеатрларда. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады. Жаңалықтардан қалмау үшін парақшаға тіркеліп қойыңыз", – делінген жазбада.