Моңғолия ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырды

Моңғолия ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырды

Моңғолия ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырды
ашық дереккөзі
Моңғолия сәрсенбі күні ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырды. «Негізі он жыл бұрын қаланған бұл жоба ақыр аяғында жүзеге асты. Бұл алға қарай жасалған тарихи қадам, біз Моңғолияның бірінші рет ғарышқа жерсерік ұшырғанын мақтан тұтамыз», - деп мәлімдеді Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Миеэгомбын Энхболд. Моңғолия парламентінің сайтында хабарланғандай, жолсерікке Mongol Sat-1 аты берілді және оның көмегімен елдегі телехабарлар мен телекоммуникациялар мүмкіндігі кеңейеді деп күтілуде. Жерсерігі Asia Broadcast Satellite (ABS) операторымен серіктестік негізінде ұшырылды.