Қапшағай су қоймасында көлік мұз астына түсіп кетті

Бүгін, 10:32 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖМ

Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көлік ішінде болған екі әйел қиын жағдайда қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы шұғыл түрде жіберілді. Құтқарушылар арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті және мұз үстінде жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде екі әйел жағаға шығарылып, оларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.