"Оған тәнті болдым": Балғынбек Имашев "Дикий Арманмен" қалай танысқанын айтты

6 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Айтыскер Балғынбек Имашев журналист Айнұр Асанбердігі Дикий Арманмен қалай танысқаны жайлы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Айнұр бізді бір шараға шақырды. Шұжық шығарып жатты ма... Тойлар болды, анасы-мынасы болды, көп дүниеге шақыратын. Сол бір шақырған кезде жаңағы жігітпен таныстық. Арман деген. Шынымен де әлеуметтік желіден кейін көре бастадым: пандемия кезінде елге көп көмектесті. Жақсының жақсылығын айту керек. Оны азамат ретінде, ұлтшыл, қазағын сүйетін тұлға, мықты азамат ретінде ұнатып қалдым. Тек қана қара күштің ғана иесі екен деп ойлағанмын. Үлкен интеллекті бар адам екен. Ол бірнеше тілде жақсы сөйлейді. Араб тілін үйреніп жүрді, түрік тілін біледі. Орысша-қазақша онсыз да сайрап тұр. Бүкіл әлемдік саяси жағдайдың барлығын біліп отырды. Былайша айтқанда, мені тәнті қылды. Сондықтан Арман туралы жаман айтқан емеспін", - деді Балғынбек Имашев. 

Тэгтер:

Балғынбек Имашев Дикий Арман